Өткен демалыс күндері Ақан сері атындағы облыстық филормонияның 59-шы концерттік маусымының ашылу салтанатты өтті. Концерттік бағдарлама 20-дан астам нөмірден тұрды.
Дайындық,үздіксіз репетициялар, концерттер мен фестивальдерге сапарлар– бұл облыстық филармонияның хореографиялық ұжымдарының өмірі. Жаңа концерттік маусымның шымылдығы Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі және «Мәңгілік» би ансамблінің сүйемелдеуімен «Шашу» атты туындының орындалуымен ашылды.
ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, СЕГІЗ СЕРІ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ ЖӘНЕ БАС ДИРИЖЕРІ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:
- «Бүгін енді біздер үшін үлкен мереке деп айтуға болады.Бұл жерде біздің филормонияның ұжымдары,соның ішінде оркесторлар,би ансамбльдері содан кейін осы біздің филормонияның жеке солистері бар солардан құралған үлкене концертімізді осы біздің Қызылжар көрермендеріне ұсынамыз деген ойдамыз.»
Барлық ұжымдар жақсы өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Солардың қатарында «Әдемі ау» қазақ би ансамблі ерекше көзге түсті. Аталған ұжым Бурса қаласында өткен фестивальге қатысқан болатын. Ал «Туған жер» ансамблі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Халықаралық би фестивалінде өнер көрсетті. Олар жиналған көрерменді жаңа маусымның ашылуында ұлттық нақыштағы би өнерімен тәнті етті.
АЛМА БАННЫХ, РЕЖИССЕРДІҢ КӨМЕКШІСІ:
- «Бүгін біз үшін өте керемет күн. Кезекті концерттік маусым ашылып жатыр. Оған аса жауапкершілікпен дайындалдық. Әртістер жазғы демалыстан кейін шабыттанып тұр. Барлық әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Айта кетейік, жалпы концерттік бағдарлама 20-дан астам нөмірден тұрды.