Биыл елімізде Еңбек күні осымен 10-шы жыл қатарынан атап өтілуде. Айтулы датаға орай облыстық кітапханада «Дәстүрді сақтай отырып, болашақты құрамыз» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Әріптесімнің сюжетіне зер салайық.


 Кездесу кешіне қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық білім кәсіподағының төрайымы және кітапхана оқырмандары арнайы келіп қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Еңбек күніне орай жыл сайын осындай кештер, жас мамандарға арналған байқаулар, мерекелік концерттер және басқа да шаралар өткізіледі.


ДАМИРА СЕРІКБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:


 Еңбек ардагерлері - тәуелсіздіктің негізін қалаған адамдар. Сондай жанның бірі, құрылыс саласында 50 еңбек өтілі бар Генадий Языков. Қала тұрғыны еліміз үшін неғұрлым көп еңбек сіңірсек, соғұрлым ол өркендей түседі деген пікірде.


 ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен жас жігіттерге айтарым, әл-ауқатты жақсарту үшін алдымен еңбекті бағалауды үйрену керек. Жоғары білім алу үшін мектеп табалдырығын аттап, колледждерде, институттарда жақсы оқу керек. Алған білімді пайдаға асыру аса маңызды.


Сонымен қатар, биыл Кәсіподақтар Федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялады. Сондықтан қоғамдық ұйымдардың барлығында жұмыс орнындағы қауіпсіздік баста назарда болуы тиіс.