Өңірде полицейлер мен ұстаздар студенттік жатақханалар мен жастар жиналатын орындарды тексеруді күшейтпек. Айта кету керек, жыл басынан 445 рейд және жастар жиналатын орындарда 20-дан астам ірілі-ұсақты іс-шаралар жүргізілген. Нәтижесінде балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 2000-нан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


 Ұстаздардың, білім басқармасы мен жергілікті полиция қызметі өкілдерінің, қалалық және облыстық ювеналдық полицияның жеке құрамының, сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерінің қатысуымен Петропавл қаласындағы № 6 орта мектеп ғимаратында жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесуге қатысушылар жаңа оқу жылының басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты сұрақтарды пысықтады.


 ЛӘЗЗӘТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі көтеріліп отырған тақырып – балалардың қауіпсіздігі. Біз полициямен бірге ортақ жұмысты атқарып жатырмыз. Сондықтан бұл бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет деп санаймыз. Балалар көп уақыттарын мектепте өткізетіндіктен, бұл жұмысқа мұғалімдер де белсенді қатысуы тиіс. Бос уақыттарында ата-аналарына жауапкершілік жүктеледі. Полиция департаментінің өкілдері өз міндеттерін жақсы атқарып келеді. Дәрістер оқып, біздің басымызды қосып үлкен кездесулер өткізеді.


Ұсақ бұзақылық, заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта серуендеу – бұл жасөспірімдер арасында кең таралған құқық бұзушылықтар. Тәртіп сақшылары ұстаздар қауымына нашақорлықтың алдын алу жұмысы, жәбірленушілердің шоттарынан ақшалай қаражаттарды заңсыз жолмен алуды іске асыратын интернет-алаяқтардың әккі әрекеттеріне жастардың қатысуын болдырмау туралы еске салды. Кездесуге қатысушылар тек мұғалімдер мен полицейлердің бірігіп күш салуы жеткіліксіз деген пікірге келді. Бұл ретте ата-аналар да балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша үлесін қосуы қажет.


ЗАРИМА ЖАКИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен, білім басқармасы өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сонымен қатар профилактика мен дереу әрекет ету тақырыбына арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында мектеп оқушылары және студенттердің қатысуларымен болатын қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімі мен білім басқармасы арасындағы дереу әрекет ету бойынша жоспары әзірленді


 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Биылғы жылдың наурыз және маусым айларында облыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның шеңберінде ювеналдық полицейлер жасөспірімдер ортасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді. Жыл басынан 445 рейд және жастар жиналатын орындарда 20-дан астам ірілі-ұсақты іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 2082 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, 614 ата-анаға балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін материалдар жиналды. Жалпы СҚО полициясында кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін атқармайтын 158 ата-ана есепте тұр.