Білімді, мақсаты айқын, ерінбеген жастарға елімізде жұмыс жеткілікті. Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп жүрген Әлібек Уатаев осындай пікірде. Машинажасау саласын таңдаған ол, өңірде «Өндірістің үздік жас қызметкері» атанды. Еңбекқор азаматпен аймақтағы әріптесім Самат Қайырденұлы кездесіп қайтты.


Әлібек Уатаев өмірін өндіріспен байланыстырамын деп ойламапты. Бірақ жоғары оқу орнын тәмамдап қолына дипломын алған соң, бірден зауытқа жұмысқа орналасқан. Учаске шебері мұнда мұнайға қажетті құрылғылардың сапасын қадағалайды.


ӘЛІБЕК УАТАЕВ УЧАСКЕ ШЕБЕРІ:

- Техникаға жақын болғандықтан ба, бұл мамандық өзіме ұнайды. Бұл зауытта біз металл өңдеу, заготовка жасау, сборка сияқты жұмыстарды жасаймыз. Мұнай скважинасын жөндеуге арналған агригаттар жасаймыз. СКЛ 03-50 Әріптестер бәрі жақсы. Білмегенімізді үйретеді. 


Мұнай-газдан бөлек азаматтық және әскери салаға қажетті техника атаулының барлығы дерлік құрастырылатын зауытта бүгінде 500-ден астам адам еңбек етеді. Ал кәсіпорын басшылығы Әлібектің жұмысқа ширақтығымен ұмтылысын алғашқы күннен–ақ байқаған. Себебі ол әр ісіне сауатты, жұмысына жауапты. Сондықтан болашығынан зор үміт күтеді.


ЕВГЕНИЙ УШАКОВ ЦЕХ БАСШЫСЫ:

- Әлібек кәсіпорынға 2019 жылы келді. Содан бері өзін тек жақсы қырынан ғана көрсетіп келеді. Жұмысына асқан жауапкерішілікпен қарайтын, озық қызметкерлердің бірі. Зауыттың қоғамдық өміріне де белсене араласады. Өкініштісі қазір бізде осы Әлібек секілді жастардың қатары сиреп барады. Бүгінде бізге металл жонушы, инженер секілді мамандар жетіспейді. 


Бүгінде мұндай жандардың беделін көтеру мақсатында елімізде түрлі жобалар қолға алынған. «Еңбек жолы» конкурсы соның бірден бір айғағы. Әлібек Уатаев аталған байқауда «Өндірістің үздік жас қызметкері» аталымы бойынша қатысып, аймақта жеңімпаз атанды. Енді өңір намысын республикада қорғайды.