Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін шаруалар 1 миллион 883 мың гектардан астам жерді, яғни егіннің 55,3 %-ін орып үлгерген. Жалпы өңірде дәнді және бұршақ дақылдың 3,4 миллион гектар алқабы жиналды.
Бүгінде облыста 317 астық кептіргіш жұмыс істейді. Олардың қуаттылығы тәулігіне 240 мың тоннаға дейін кептіруге жетеді. Қазіргі уақытта қосымша 10 мың тонна дизель отынына өтінім берілді. Сыйымдылығы 6,9 миллион тонна астық сақтайтын резервуарлардың саны да жеткілікті. Олар егіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келер жылға 250 мың тоннаға жуық тұқым егілді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.