СҚО-да полицияның мобильді топтары егін жинау науқаны аясында ұрлықтың алдын алу бойынша кенеттен рейдтер жүргізуде. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға зер салайық.
Түнгі рейдтер, дала жолдарындағы тексерулер, бейнекамераларды орнату қажеттілігін түсіндіру. Облыс полицейлері "Астық 2023" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар егістіктер мен астық қоймаларын үнемі бақылауда ұстап, қылмыстардың алдын алуға баса назар аударады.
ЕҢБЕК ТАЛАСПАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ДУБРОВНОЕ АУЫЛЫНЫҢ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Биылғы жылғы оружайды жинап алуға уақытымен үлгеріп жатырмыз. Алайда жаңбырлардың кесірінен біраз кедергілер болып жатыр. Бірақ соған қарамай комбайнерлер болсын барлық еңбектерін жасап жатыр. Полиция қызметкерлері жағынан көмектері тиіп тұрады. Ешқандай да ұрлық жасалмады. Міне осы урожайымызды аман-есен жинап алсақ сол біздің басты себебіміз. Барлығына атсалысып, жұмыс істеп жатырмыз. этом году урожай мы вовремя убираем. Все работники добросовестно работают. Полицейские тоже помогают. Краж не зарегистрировано. Наша главная цель – собрать весь урожай
"Астық" операциясының басты мақсаты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сақтап қалуға, жанар-жағармай материалдарын, гербицидтер мен қосалқы техника бөлшектерін ұрлаудың алдын алу мен ашуға бағытталған. Осы мақсатта облыстағы 13 ауданының әрқайсысында мобильді топтар құрылған. Олардың құрамында тәжірибелі жедел қызметкерлер, учаскелік және патрульдік полицейлер бар. "Астық 2023" басталғаннан бері белсенді профилактикалық іс — шаралардың арқасында бүгінгі күні егін ору науқанымен байланысты Жамбыл ауданының аумағы бойынша бір ұрлық тіркелген. Ал қалған аудандарда бүгінгі күні қылмыс анықталмады. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері осы желі бойынша 11 ұрлық тіркелген.
МАРАТ ХАЛИМУЛИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- 18 тамыздан бастап СҚО аумағында "Астық 2023" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты жаңа орылған егін, жанар-жанармай, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектердің ұрлауға жол бермеу. Криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп түнгі рейдтер, оның ішінде — элеваторларға барулар арқылы тексерулер жүргізуде
Айта кетейік, "Астық 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.