Елімізде механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына өзгеріс енгізілді. Теориялық та, практикалық та емтиханға қатысты біршама түзетулер бар. Ол қандай жанашылдықтар? Өзгерістерді емтихан тапсырушылар қалай қабылдады? Арна тілшілері сабақтасын.


 Емтихандарды қабылдау мен жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгеріс 2023 жылдың тамыз айынан бастап күшіне енген. Ереже бойынша тапсырушылар ең алдымен биометриялық тексерістен өтеді.Мұнда азамат өзінің жеке басын растай алмайтын болса, ол келесі алты айда не теориялық, не тәжірибелік емтихан тапсыра алмайды .Бұрын мұндай жағдайда тапсырушыға келесі күні қайта мүмкіндік берілетін.


АЗАМАТ КЕНЖЕТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚК ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Заң нақты күшіне енген уақытқа дейін жүргізуші куәлігін үміткерлердің 10%-ы ғана ойдағыдай тапсыратын.Қазір бұл көрсеткіш шамамен 30% құрап отыр.Бұл адамдар жүргізуші куәлігін алуға жауапкершілікпен қарай бастады дегенді білдіреді.Теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсырып жатқан жүргізушілер үшін арнайы шектеу де қойылып отыр.Мысалы,теориялық емтиханды тапсырушы тәжірибелік емтиханнан екі мәрте өте алмаса,ол адам 1 айдан кейін ғана қайта теория тапсыру арқылы тәжірибелік сынаққа жіберіледі. Бұл әрине біз үшін де,үміткерлер үшін де жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.


Бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан сүрінген тапсырушы,келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар.Ал екінші мәрте жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады.Бірақ тәжірибелік сынақтан үшінші рет өтпесе,теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Нәтижесінде,тапсырушыға екі айдан соң ғана қайта келуге рұқсат.


 ЗАЛИХА ШАМҒАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

-  Бүгін мен үшін өте қуанышты сәт.Мен жүргізуші куәлігін алдым. Бұл менің 3 реттен-ақ қолымнан келді.Бастапқы екі мүмкіндікті бұрыңғы ережелермен тапсырған болатынмын. Енді міне,жаңа өзгертулердің арқасында тәжірбиелік емтиханан 15 балл жинап, емтиханнан сүрінбей өтім. Менің ойымша,жаңа ережелердің енгізілуі, бұл жүргізуші куәлігін алғысы келетін үміткерлер үшін керемет мүмкіндік.


 Айта кетейік, егер сіз емтиханға өз бетінше дайындалған болсаңыз сізге 3 мүмкіндік беріледі.Одан кейін автомектеп сертификаты талап етілетін болады. Бұрын ондай қосымша құжаттар міндеттелмейтін.