2023-ші жылдың 29 маусымында Мемлекет басшысысының тапсырмасымен «Жол қозғалысы туралы» заңының шағын электр көлік құралдары мен электр скутерлерін басқару бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізілді.


 Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасында берілген кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар, он сегіз жасқа толған электр скутерлерінің жүргізушілеріне жолдың жүру бөлігінің оң жақ шеті бойынша, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойынша жүруге рұқсат етіледі. Мұнымен қоса, тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолында сағатына алты шақырымнан асыруға тиым салынады.


АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНІТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Сонымен қатар, электр скутерлерінің жүргізушілеріне: рульді бір қолмен басқаруға, жолаушыларды тасымалдауға, жүкті тасымалдауға, солға бұрылуға немесе трамвай қозғалысы бар жолдарда және осы бағытта жүру үшін бір жолақтан артық жолдарда бұрылуға, электр скутерлерін және электр скутерлерін сүйретуге, жүру бөлігін кесіп өтуге тыйым салынады. Шағын электр көлік құралдары мен электр скутерлерінің жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


 Жалпы, жыл басынан облыс аумағында электр скутерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Сонымен қатар, заң енгізілгеннен бері 65 электр скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 14 жүргізушіге 79 мың 350 теңге көлемінде айыппұл салынса, тағы 51-іне ескерту жасалды.