Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып полиция полковнигі Марат Жұмалиев тағайындалды.


42 жастағы Марат Ахметжанұлы Жұмалиев Ғабит Мүсірепов ауданының тумасы. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Алғашқы лауазымы – Петропавл қалалық 2 полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі. Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде қалалық полиция басқармасы мен полиция департаментіндегі криминалдық полиция бөліністерінде басшылық қызметте болған. Соңғы лауазымы – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы. Қалалық полиция басқармасының жетекшісін ведомство өкілдеріне ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов таныстырып, жаңа басшыға өңірдегі ең ірі полиция бөлінісінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тіледі. Айта кетейік, қалалық полиция ведомствосының бұрынғы басшысы полиция полковнигі Ербол Тайбеков Тараз қалалы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.