Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Семей ядролық полигонында болған ардагерлермен кездесу өтті. Тек осы ауданда ғана қазіргі уақытта Семей полигонында әскери борышын өтеген 78 ардагер тұрып жатыр.
Семей ядролық полигоны 1947 жылы 21 тамызда құрылды. Ал ең алғашқы атом бомбасының сынағы 1949 жылдың 29 тамызында өтті. Жалпы сынақ алаңы жұмыс істеген 40 жылдың ішінде аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын алаңда 456 жарылыс жасалған екен. Оның зардабын халық әлі көріп жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ сынақ полигонынан тараған радиациядан миллионға жуық адам зардап шеккен. Бүгінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған байланысты өңірдегі Семей ядролық сынақ алаңында қызмет атқарған ардагерлер Қызылжар ауданы Бескөл ауылының аудандық кітапханасында бас қосты.
ҚАЙРОЛЛА КАМЗИНОВ. ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ «СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
- «Біз жылда кездесеміз. Біздің ауданда Семей полигонында әскери борышын өтеген 78 ардагері бар. Бірақ оның 42-і ғана ресми түрде тіркелген. »
Бүгінгі іс-шара барысында Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовтың атынан ардагерлерге сертификаттар табыс етілді.
Бұл іс-шараға қатысқандардың ішінде Семей ядролық полигонында 1970 ші және 72 жылдары аралығында әскери қызмет атқарған Асхат Төлепбергенов та бар.
АСХАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ. АРДАГЕР:
- Сол жерде біз қызмет атқардық.........Қағазым бар сол жерге тікелей қатысқандығым туралы......
Бескөл ауылында «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі және Қызылжар ауданы әкімдігінің қолдауымен арнайы ескерткіш тұрғызылып жатыр.