Петропавлда Талғат Тәнібаевтың «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты фотосуреттер көрмесінің тұсауы кесілді. Онда фотографтың 30-дан астам үздік туындысы қойылған. Көрме «Қызылжар» арт-орталығында бір ай бойы жұмыс істейді. Іс-шарада болған тілшіміз тарқатсын.


 Талғат Тәнібаев 18 жылдан бері облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінді еңбек етіп жүр. Мерзімді басылым фотографтың еңбегінсіз жарияланбайды. Сондай-ақ, автор туындыларын республикалық және халықаралық басылымдардан да кездестіруге болады. Талғат Тұрарұлы түсірген таспаның көп бөлігі пейзаж, портрет жанрындағы суреттер.


 ТАЛҒАТ ТӘНІБАЕВ, «SOLTÜSTIK QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ ФОТОТІЛШІСІ:

-  Аудандарға жиі шығамыз. Сонда көбінесе түкпірдегі ауылдарға барамыз. сонда әдемі моменттерді, кісілерді түсіруге тырысамын. Сол жиналған суреттерді, бізде туған жер деген рубрика бар. мен сол рубрикамен газетке шығарамын. Біраз сурет жиналып қалды да. 30-шақты суретті іріктеп алдық. Кісілерге ұсынып отырмыз. Енді ойлаймын кісілер жақсы әсермен осы көрмеден шығады. 


 Іс-шара барысында Талғат Тәнібаев СҚО әкімінің, облыстық музей бірлестігі және кәсіподақ орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.


Көрмені тамашалауға келгендер қарасы аз емес. Олардың қатарында әуесқой фотографтар, әр сала мамандары мен қала тұрғындары болды.


- Бүгін міне Талғаттың көрмесіне келдік. Мұнда туған өлкенің жақсы-жақсы көріністерін көрсетті. Біз өте жақсы әсер алдық жас та болса қазақтың осындай өнегелі жастары жұмыс істей бірсін деп ойлаймын.


- Көрме жақсы өтіп жатыр. Халық көбейіп жатыр. Келіп көріп жатырмыз. Талғатқа тілейтінім еңбегі жемісті болып өркейе берсін, өсе берсін. 

-  Өте керемет. Әрине туған жер әрбірімізге ыстық. Туған жердің топырағы, жапырағы, құсы бәрі ыстық болады. Әдемі фотокөрме. Кәсіби түрде жасалған фотосуреттер. Талға Тұрарұлына тілейтініміз дені сау болсын, осы бастамасы үлкен жобаларға ұлассын дегіміз келеді.


 Мұндағы әр суреттің өз тарихы бар. Сондықтан автор ашылу салтанатынан кейін жиналғандарға барлық туындысын жеке-жеке таныстырып шықты.