Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бауырсақ той өтті. Іс-шараға мектептегі 11 шаңырақтың оқушысы мен ата-анасы ат салысып, ашық аспан астында бауырсақ пісіріп, палау әзірледі.


Бауырсақ той — Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі дәстүрлі іс-шараның бірі. Мереке әдетте оқу жылының соңында ұйымдастырылып, білім ордасындағы барлық шаңырақтың басын қосады. Бұл жолы бауырсақ тойында жыл бойына тәрбиелік бағытта ұйымдастырылған жобалардың нәтижелері шығарылды.Жиналған қауым еліміздегі түрлі ұлттың достығының, бірлігінің белгісі саналатын бауырсақты ашық аспан астында дайындап, кең дастархан жайды.Барлығы бұл күні 30 қазанда бауырсақ, палау әзірленді.Бауырсақ тойда ән мен жырдан шашу шашылып, би биленді.


АЙМАН БАЙБАТЫРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- «Бұл іс-шараны ата-аналар қауымы жыл сайын қолдап,өткіземіз. Өйткені осындай мерекелер арқылы, балаларымыздың бойына ұлттық қадір-қасиетті сіңіруге мүмкіндік аламыз. Балаларымыз бауырсақ пісіруді де үйренеді.»