Балаларды қорғау күніне орай облыстық мәслихат депутаттары М. Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып, мерекемен құттықтап қайтты.


 Ән айтады , би билейді және спортпен шұғылданады . Бұл жердегі әр бала талантты. Мұнда келген қонақтарға есік әрдайым ашық. Полудино ауылындағы орталық 53 жасөспірім мен бүлдіршіннің үйіне айналды.


ТАТЬЯНА СЕРГЕЕВА, ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- « Біздің орталықтағы әр бала талантты. Биыл 11 сыныпты аяқтап жатқан Даниил Алматыға оқуға түсейін деп жатыр. Өз өмірін банк саласымен байланыстырмақшы. Ал Алевтина болса, мектеп президенті. Ол құжаттарын полиция академиясына тапсырады. Барлық балаға біз тек қана сәттілік тілейміз!»


Алда жазғы демалыстың 90 күні бар. Ал оның пайдалы өтуі үшін облыстық мәслихат депутаттары спорттық жабдықтарды алып келді. Сондай-ақ, бұл күні балалар үшін аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.


ИРИНА ЭКТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- «Орталық ұнады, балалармен де таныстық. Олармен жақсы дос болатынымызға сенімдімін. Біз мұнда құр қол келген жоқпыз, спорттық жабдықтар әкелдік, оларды тәттілермен қуанттық. »


 Орталықтағы балалар өте мейірімді, жауапкершілігі жоғары , әлемге мейірімге толы көзбен қарайды.


- Менде бәрі жақсы , жазда Алматы қаласына барамыз. Демалысымды есте қаларлықтай өткізгім келеді.

-Маған мұнда бәрі ұнайды. Достарымда көп .Өзім футболмен айналысамын.

- Мен осы жылы мектепті аяқтап жатырмын. Алда өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Әр ай сайын мүмкіндігім болып жаста осында келіп отырамын.


 Балалар өз армандарын қағаз бетіне түсіріп, шарға бекітіп аспанға ұшырды. Олар өз армандарының орындалатынына сенімді