Облыс орталығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына оарй «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында форум өтті. Іс-шарада еліміздің әр өңірінен бас қосқан ғалымдар, мұрағатшылар мен мағжантанушылар өзара тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарын халық назарына ұсынды.
Форум басталмай тұрып халық назарына жерлес ақын Мағжан Жұмабаветың өмірі мен шығармашылығына қатысты ерекше тарихи құжаттар мен фотосуреттер қойылған көрме ұсынылды. Халқының азаттыққа қол жеткізуін аңсаған Мағжан Жұмабаев басына түскен ауыртпашылықтарға қарсы тұра білді, қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдады.
АДАМ БОЙСАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕШЕН-ИНГУШ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Петропавлға ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылған форумға қатысушы үшін келдім. Кеше ғана сөз зергері туып өскен Сартомар ауылына барып қайттық. Жастар арасында Мағжанның шығармашылығын, жырларын насихаттау аға буын өклідеріне аманат.
Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы. Кеңес өкіметі оның есімін қазақ әдебиетінен жазықсыз сызып тастап, жауһар жырларын жоққа шығармақ болды. Ал бүгінгі күні ақынның өлеңдері әлемнің 11 тіліне аударылып, үлкен жинақ болып жарық көрді. 31-ші мамыр ұлы дала ұлдарын жоқтап, аза тұту күні. Қазақ жеріндегі саяси куғын-сүргін 1928 жылы зиялы қауым өкілдерін тұтқындаудан басталды. Солардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және жерлесіміз Мағжан Жұмабаев сынды алаштың арыстары да бар еді.
СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сөз зергері Мағжанның өмірі мен шығармашылығын зерттеу жұмыстары әлі де жалғаспақ.