Биыл алғаш рет «Мен қазақша сөйлеймін» атты сайыс өтуде. Смағұл Садуақасұлы атындағы №2 орта мектепте ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету, оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығын арттыру.


Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте. Дәл осындай ұранмен Смағұл Садуақасұлы атындағы №2-ші орта мектепте «Мен қазақша сөйлеймін» сайысы өтіп жатыр. Бұл байқауға Петропавлдың барлық мектептерінің ұжымдары қатысқан. Іс-шара бір апта бойы өтеді. Әр күн мұнда 8 команда өз білімдерін сынайды.


 ГАУҺАР ТЕМІРБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПӘНДЕР БОЙЫНША ӘДІСКЕРІ:

- «Осы бай үш кезеңнен тұрады деп айтуға болады. 3 күн бойы бізде балабақшалардың арасында өтті. Мен елімді жырлаймын, менің ертеңім ретінде.Жалпы сайыс орыс мектептерінің арасында басталды бізде, бұл төрт аялдамадан тұрады.»


 Ең бірінші болып сәлемдесуді бастаған № 10-ші мектеп ұстаздары. Олардың ішінде Ксения Лахно да бар. Ол қазақ тілін мектепте оқып жүріп үйрене бастаған екен.


КСЕНИЯ ЛАХНО, МҰҒАЛІМ:

- «Мен 10-шы орта мектепте жұмыс істеймін. Мен ағылшын тілі пәнінен мұғаліммін. Мен мектепте қазақ тілін үйрендім.Қазақ тілі өте бай тіл.»


 «Мен қазақша сөйлеймін» байқауы мамырдың 22-cі мен 30-ы аралығында өтеді.