Облыс орталығының көшелерінде жарық шамдарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мамандар Заречный кентінің көпірінен Мамлют бекетіне дейін апарар жолда орналасқан ескі кабельдер мен жарық диодты шамдарды ауыстырып жатыр.


 Мына учаскеде осы апта ішінде кабельдер ауыстырылып қана қоймай сонымен қатар 70-ке жуық жаңа шам орнатылмақ. Жүргізушілер бұл өзгеріске дән риза. Себебі, басым бөлігі осы жолмен жақын маңда орналасқан саяжайларға барса, енді бірі Мамлют, Жамбыл аудандарынан қалаға жиі қатынайды.


-  Жол жақсы,бәрі ждақсы. Жарық бар. Жарықты ічстеп жатыр. Ешқандай жалобам жоқ.  қараңғылау болды. Машинамен білнбейді ғой. Қаламыз көркейіп келеді.

- Мамлюткадан Петропавлға бара жатырмын. Жақсы ғой жарық ауыстырылып жатқаны жарық болады жолдар.

- Жақын жерде саяжайым бар. Қазір нағыз егіс науқаны басталды ғой. Сол себепті кей кездері саяжайда күн батқанша дейін жүріп қаламын. Үйге қайтарда енді қараңғы болмайды. Бұл жол апатын азайтады.

- Бұған дейін жарық нашар еді. Қазір барлығын ауыстырып жатыр. Жолда жүріп келе жатқанда көзге шағылыспайды. Кедергі жасамайды.


 Енді бұл жолды 180 Вт жарықдиодты шамдар жарықтандырады. Бұл жүктемені 11,3 мың Ваттқа дейін төмендетеді.


ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Сондай-ақ Бескөл пунктінен бастап Караванная көшесіне дейінгі аралықта да осындай шамдар ауыстырылады. Жалпы, Петропавл бойынша 700 жаңа шам орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 200 млн теңге қарастырылған.


Дәл осындай жұмыс «Береке», «Ойқала» шағын аудандарында және «Жұмысшы» кеңтінде іске асырылмақ.


Майгүл Сейілбек