17-25 мамыр аралығында Түркия елінің Ыстамбұл қаласында кикбосингтан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғау үшін өңірДЕН Аслан Асылбеков аттанЫП, боксшы әлем кубогында сәтті өнер көрсетті. Спортшы алтын медальмен оралды.


Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен ек жарым мыңнан астам спортшы қатысты. Аслан әлем кубогында 4 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Финалдық кездесуін жерлесіміз Украина елінің спортшысына қарсы өткізді. Сәтін салып, Аслан қарсыласынан ұпай саны бойынша басым түсіп, әлем кубогының чемпионы атанды.


АСЛАН АСЫЛБЕКОВ, ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ:

- «Кикбоксингпен мектеп кезінен бері шұғылданамын.Әлем кубогында кездескен қарсыластарымның барлығы мықты болды.Әрқайсысының өзіндік стилі бар.Алғашқы жекпе-жегімді Морокко елінің спортшысына қарсы өткізіп,нокаутпен жеңіске жеттім. Қалған үш кездесуімді ұпай саны бойынша жеңдім.»


Түркия елінде өткен әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын,13 күміс,28 қола медальді жеңіп алды.Осылайша жалпыкомандалық ессепті екінші орынға ие болды.Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса,үздік үштікті Өзбекстан елінің спортшылары түйіндеді.


ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, А.АСЫЛБЕКОВТЫҢ БАПКЕРІ:

- «Осы күнге дейін Аслан облыстың намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың бірі.Ұлттық құраманың мүшесі болып табылады ересектер арасында.Осы күнге дейін міне халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды.Әлем кубогында 2021 жылы әлем кубогында чемпион болса,осы 2023 жылы міне тағы да 2 дүркін әлем кубогының чемпионы болып атанып отыр.


 Аслан мұнымен тоқтап қалмақ емес.Жергілікті боксшымыздың ендігі мақсаты алдағы уақытта өтетін ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионатына жолдама алу.