Облыс орталығында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында жол қауіпсіздігі жайлы пайдалы ақпаратты балаларға жеткізу үшін Петропавлдағы «Алтын бесік» балабақшасына ерекше қонақтар келді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


«Алтын бесік» балабақшасында ойын түріндегі танымдық сабақ өткізілді. Қонақтар балаларға жол жүрісі қағидаларын айтып берді. Кездесуге балалардың арасында кең танымал кейіпкер «Милиционер Степа ағай» да келді.


- Здравия желаю, товарищи ребята! Поздоровайтесь, ребята! — Здравствуйте! — Знаете, как меня зовут? — Да! — Как? — Дядя Стёпа! — Ох, молодцы!


 Қуыршақ театрының кәсіби актері мульфильм кейіпкері бейнесінде бағдаршамның түстері мен жол қозғалысын реттеушінің белгілерін тақпақ пен ойын түрінде әсерлі жеткізді. Мұның барлығы есте қалу үшін балалар жол сақшысының ала таяғын қолдарына алып, қимылын қайталап көрді. Бүлдіршіндер полиция машинасына отырып көруге де мүмкіндік алды.


АЛЬМИРА БАЙТАБЕНОВА, «АЛТЫН БЕСІК» БАЛАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

- Бүгін қонақтар келді. Дядя Степа мен полиция, Жасылда жүремін, қызылда тоқтаймын, сарыда дайындаламын.


 Бұл кездесу «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті. Оның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысы алдында жол қозғалысының барлық қатысушыларының жолдағы тәртібін арттыру. Іс-шараның алғашқы 10 күнінде облыс жолдарында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2813 түрлі дерегі анықталған.