Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрлері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Полицейлер қылмыстың бұл түрімен күрескенімен, алдын алу жұмыстарын жүргізгенімен, зардап шегушілер азаяр емес. Биыл жыл басынан осындай 259 дерек тіркелді.


 Полиция қызметкерлерінің айтуынша алаяқтардың ең өтімді схемалары тауар сатып алу сайттарында жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік ҚР заңына сәйкес құқық бұзушылықтың бұл түрін жасағаны үшін қылмыскер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады ал қылмыс ауыр санатқа жатқызылған жағдайда жаза 3 жылдан 7 жылға дейін қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша интернет алаяқтардан көбіне зейнеткерлер мен қаржылық сауаты төмен адамдар зардап шегеді. Бұның алдын алу мақсатында криминалдық полиция СyberPol пилоттық жобасын құрды.


МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- «Бұл жобаның мақсаты, құқық қорғау органдарының 2-ші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен жедел өз ара іс-қимылы. Жәбірленуші адамдардың қаражатын аударған шоттарды бұғаттау сондай ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.»