Облыс орталығында мамырдың 15-і күні басталған «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның міндеті мен өту барысы туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында. Назар аударайық.


«Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – бұрын сотталғандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шараға жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылған. Күнделікті қызмет барысында полицияның түрлі есебінде тұрған азаматтармен жұмыс істегендіктен, учаскелік полиция инспекторларына зор міндет жүктелген.


ЗАРИНА ЕЛУБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Қалалық полицияда есепте тұрған, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 15 және 25 мамыр аралығында Петропавл қаласының аумағында «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оларға көмек көрсетіледі және түнгі уақытта тексеріледі.


Полиция басқармасының қызметкерлері барлық проблемалы мекенжайларды қамтуға тырысады.


- Так как вы уже состояли у нас на административном надзоре, который был судом установлен, то вы должны знать свои обязанности; общественный порядок не нарушайте. При нарушении общественного порядка, два и более раз, - мы будем направлять представление в суд для установление административного надзора. 


15 мамырдан бастап 1643 адам тексерілген, оның 369-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Олардың ішінде белгіленген шектеулерді бұзудың 26 фактісі анықталды. Жыл басынан соттар полиция қызметкерлерінің шартты түрде мерзімінен бұрын босату шектеулерін бұзған 21 адамға қатысты өтінішін қолдаған, олардың барлығы бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеуге оралған. Сондай-ақ формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататын 14 адамның тарапынан өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Облыс полициясында барлығы 1705 адам профилактикалық есепте тұр. Іс-шара кезінде әрқайсысын тексеру жоспарланған.