Елімізде бірнеше террорлық әрекеттің жолы кесілді. Лаңкестер тіпті, халық көп жиналатын орында жарылыс жасамақ болған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев айтты. Оның сөзінше, осыған байланысты 19 адам қамауға алынды. Бұдан бөлек, биыл 8 қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Қару-жарақ пен оқ-дәрі жасауға қатысты 7 жасырын цех жойылды. 16 есірткі зертханасының, 11 халықаралық және 17 өңірлік есірткі каналының жұмысы тоқтатылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері/ 37,9 миллион кибершабуылға тойтарыс берді. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.