Абылай хан резиденциясы музей кешенінде XVIII ғасырдағы қазақ халқының ұлы апаты - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының 300 жылдығына арналған «Сұрапыл заман» атты ашық аспан астында іс-шара өткізді. Оған Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.


1723-1727 жылдар тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» - қазақ халқының жоңғар шапқышылығы салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейді. Жаугершіліктің алдында қазақ даласында халықтың әл-ауқаты төмендеп,үш жүздің саяси-әлуметтік байланысы әлсіреді. Қазақтардың жүз мыңдай қолы шығынға ұшырап, ел ұл-қызынан айрылып,мал-мүлкі талан-таражға түсті.


НАЗГҮЛ БЕЙСЕМБИНА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:


 Іс-шара барысында қасіретке толы жылдар еске алынды. Мамандар жастарға жоңғар шапқыншылығының себептері, жоңғарлардың жеңістері мен қазақтардың жеңілу себептерін айтып берді. Студенттер ашық аспан астында өтізіліп отырған іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.


-«Бүгінгі кездесу көңілімнен шықты. Қазақ халқының тарихы жайында жаңа мәліметтерді білдім. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың көптеп өткізілгенін қалаймын.


-« «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» жайында оқылған баяндамалар қатты ұнады. Өзімізге көптеген мағлұмат алдық.


 Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атымен қалған жоңғар басқыншылығы ұлт санасында өшпестей ауыр қасірет қалдырды. Осы сынды маңызды іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады дейді, ұйымдастырушылар.