Солтүстік Қазақстан облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар абаттандырудан бастап, көлік қатынасы сынды мәселелерді көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша қандай шешімдер қабылданды? Әріптесім тарқатсын.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің жеке қабылдауына келгендердің бірі - Әлім Шүкенов сөз сөйледі. Ол Петропавл тұрғындарын толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, вокзал маңында автотұрақтың жетіспеушілігі, қарттар үйіндегі орын тапшылығы, саябақтың нашар жағдайы мен тротуарларды абаттандыру қажеттілігі айтылды. Ерекше назар қаладағы базар маңында санитарлық нормалардың бұзылуы мен ретсіз құрылыстарға аударылды. Оның айтуынша, сауда сөрелері «қызыл сызықтарды» бұза отырып салынып жатыр.
СНХ:Әлім Шүкенов, Петропавл қаласының тұрғыны
Облыс әкімі сауда қатарлары орналасқан аймақтың санитарлық жағдайын тексеруді және қосымша тұрақ орындарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ол үшін жауапты қызметтер аталған жерге барып, жағдайды өз көздерімен көруі керек екенін айтты.
СНХ:Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Петропавл қаласының тұрғыны Вадим Саликов аула аумағын абаттандыру мәселесін көтерді. Тұрғындар ауладағы шұңқырлар салдарынан ұсақ жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткеніне шағымданды. Сондай-ақ, спорт алаңындағы қоршауды жаңарту туралы өтініш білдірді.
СНХ:Вадим Саликов, Петропавл қаласының тұрғыны
Облыс әкімі аулаларды абаттандыру бойынша жобалық шешімдердің негізділігін талдауды тапсырды. Асфальт жабындысының жай-күйі мен қоршаулардың сапасына ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды ескере отырып, барлық жұмыстар соңына дейін жеткізуді тапсырды.