Қызылжар орталық мешітінде қадір түніне орай үлкен бағдарлама ұйымдастырылды. Оған жамағат пен бірге облыс әкімі Айдарбек Сапаров та қатысты. Өңір басшысы барша мұсылмандарды рамазан айымен құттықтады.
Қадір түні араб тілінен аударғанда ләйләтул қадір – яғни қасиетті қадір түні деген мағынаны білдіреді. Діни наным бойынша осы түні барлық періштелер жерге түседі. Қызылжар орталық мешіті ұйымдастырған арнайы бағдарлама сағат түнгі 3.00-ге дейін жоспарланды. Бұл күні жамағат тілек тілп, елдің амандығын сұрады. .
АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Кеш құрым мешітке тарауық намазына жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Тіпті ине шаншар жер жоқ. Дін өкілінің айтуынша Құран кітабы түскендіктен жаратушы осы түнді қадірлі еткен.
ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:
- «Қадір түні , қадірлі түн бұл енді қадірлі болуының бірден бір себебі осы әлемге ақ пен қараны ажырату үшін, осы біздерді тура жолға бастау үшін, Алланың кәләмі , заңы Құран түсе бастаған күн. Осы түні пайғамбарымыз ең алғаш Құран аяттары түсе бастады. Бұл түні періштелердің жиналғаны сондай тіпті ине шаншарлық орын болмайды дейді. Әрине, біз періштелерді көре алмаймыз , бірақ дегенменде осы түні мұсылмандардың, алланың құлдарының зікірінен бүкіл періштелер жиналып әминь деп айтатын, берекесі жауған түн»
Ұлтымызда мың айдан да қайырлы қадір түні ерекше ілтипатпен ескеріледі. Осы түні жасалған құлшылық мың еселенеді , бұл 83 жылдық ғибадатқа тен. Осынау айтулы күні мұсылмандар игі істер жасап, таң атқанша дұға-тілек қылады. Себебі Қадыр түні уақытында адамның 1 жылдық тағдыры жазылады.