Өңірдегі шағын өзендерде су деңгейі қайта көтеріле бастады. Сергеев су қоймасынан төмен Есіл өзенінде орналасқан гидрологиялық бекеттерде де су деңгейі жоғарылаған. Ал Петропавл маңында бір тәулікте 195 см дейін артты.


Өткен тәулікте Гусаковка ауылының маңындағы Бабықбурлық өзенінде су деңгейі 148 см – ге көтерілген. Ковыльное елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзені 79 см-ге, Северное ауылының маңында Шағалалы өзені 19 см-ге жоғарылады. Есіл ауданы Покровка ауылының жанында Есіл суы тәулікте 88 см көтерілген. Осылайша қауіпті деңгейден асып, өзен арнасынан шықты. Қызылжар ауданындаға Новоникольское ауылында-су 79 смге , Долматово ауылында - 67 смге жоғарылаған. Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бөгеннің ернеуінен тасып аққан судың биіктігі 124 см. 8 сәуірде мұнда ең жоғары көрсеткіш – 196 см тіркелген еді.