Қасиетті Рамазан айында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің өкілдері теміржол вокзалында намазхана ашпақ.


 Ғибадат үйінің қызметкерлері теміржол вокзалының басшылығымен сөйлесіп, ғимараттың екінші қабатында арнайы бөлмені намазхана етіп жабдықтауда. Бұл жерде әсіресе түнгі уақытта жол жүріп бара жатқандар, намазын бұзбай, Аллаға сиынып, мұсылман парызын еш қиындықсыз орындай алады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін намазхана бейнебақылау камерасымен да қамтамасыз етілмек.


ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Ресми түрде әлі ашылған жоқ. Құжаттары әлі жасалу үстінде. Бірақ намазхананы дайындап қойдық. 4-5 адам кіріп намаз оқи алатындай. Кестесі бар, дәрет алатын орны бар.Тәртібін де орнатамыз. Себебі, бұл жерде біреулер ұйықтатйын іс-әрекет жасамауы керек. Қызылжарлықтардың, келген қонақтардың құлақ қағыс мешіт емес, сіздердің құлшылықтарыңызды орындауға жасалған жағдайдың бір түрі.


Бұдан бөлек болашақта дәл осындай намазхананы әуежайда да ашу жоспарланған. Жалпы, қазіргі таңда «Қызылжар» орталық мешіті жанынан жаңа студия құрылып жатыр, жұмыстар 80 пайызға аяқталды. Бұл жерде білікті мамандармен түрлі тақырыпта сұхбаттар ұйымдастырылмақ.



Майгүл Сейілбек