С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітпаханасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Іс-шараға облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысып, ойын барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамаларды еске түсірді.


«Жемқорлыққа жол жоқ» зияткерлік ойыны облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Іс-шара СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға негізделген.


ДАНИЯР БЕКМАТОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 – «Біз тұрақты түрде қызметкерлеріміздің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында түрлі жиындарды өткізіп тұрамыз. Бұл іс-шара қызметкерлерге заңнамалық материалдарды еске түсіруге және де қосымша мәліметтерді өздеріне түюге мүмкіндік береді.»


 Зияткерлік ойынға қатысқан әр қызметкер құқықбұзушылықтарға қатысты жауапкершіліктің қаншалықты жоғары екендігін жақсы біледі.


ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- «Сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған бұл іс-шара өте ұнады.Мен мұндай іс-шараларды мүмкіндігінше көбірек болуын қалаймын.»


«Жемқорлыққа жол жоқ» зияткерлік ойының қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар кубок медальдармен және де арнайы дипломдармен марапатталды.



Алдияр Жылқайдаров