Облыс жолдарында екі айда балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір бала көз жұмып, бесеуі жарақат алды. Көктемгі демалыс және жаз мезгілі қарсаңында ішкі істер министрлігінің бастамасымен ел көлемінде "Бала және бағдаршам" республикалық акциясы өтуде. Оның аясында тәртіп сақшылар балалармен және олардың ата-аналарымен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстарын жандандырды.


- Запомнили три жеста? «Внимание», «Во все направления» и – третий. Так - проезжают.


Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Жангелді Қоржыбаев № 17 қалалық орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, балаларға жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелерін түсіндірді. Ал, қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік аға инспекторы Жанат Мұстафина ұсақ бұзақылық, түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз қыдырғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.


Жанат Мұстафина, Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспектор:

- Осы дәріс барысында оқушыларға жол жүру ережелері түсіндіріліп, жол белгілері туралы білімдерін толықтырдық. Петропавл қаласының оқушыларына бұл шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.


Жалпы, жыл басталғалы бері облыста 33 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 62 адам түрлі дене жарақатын алды.