Сапалы тұқым – мол өнім кепілі. Көктемгі дала жұмыстарын бастамас бұрын әр диқан тұқымның сапасын тексеріп, қорытынды алуға міндетті. Өңір аграрийлеріне мұндай қызмет түрін көрсететін 3 аккредиттелген ұйым бар. Соның бірі- Қызылжар ауданы Бескөл ауылында орналасқан.


 Жылда өңір диқандары ел көлемінде дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігін және майлы дақылдардың үштен бірін өсіріп, өндіреді. Ал, сапалы әрі мол егін алудың басты жолы – жоғары сұрыпты тұқым. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына да аз қалды. Қазіргі таңда облыстың барлық агроқұрылымдары 100 пайызға тұқыммен қамтамасыз етілді. Дегенмен олардың сапасы толықтай тексерістен өтпеген.


НҰРЛАН МЕРҒАСЫМОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰҚЫМ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Зерттеуден 438 тонна тұқым өтуі тиіс. Талдау нәтижесі теріс болып шықса бұл тұқымдарды егуге тиым салынады. Көктемгі дала жұмыстары басталмай тұрып кәсіпкерлер түрлі тұқымды міндетті түрде талдамадан өткізулері керек. Жалпы осы уақыт аралығында ешқандай олқылықтар анықталған жоқ.


 Жылда тұқым арнайы зертханаларда сортына және сапасына тексеріледі. Мұндай зертхананың бірі - Қызылжар ауданы Бескөл ауылында орналасқан. Бұл жерде мамандар дәнді дақылдарды зерттеп, талдайды. Әр қапшықтан 50 грамм алынып, тұқым тазалығы анықталады.


МАЙМУНА МӘМЕКОВА, ТҰҚЫМ САРАПТАМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

-  Шаруалар біздің лаболаторияға өздерінің тұқымдарын әкеледі. Оны тапсырысқа береді. Бізідң мамандар қарап, сынама алады, репродукциясын. Тексереміз. Лаболаторияда істейміз. 7 мыңдай тексеріс жасады.


 Бұл тексерусіз агроқұрылымдар өз алқаптарына тұқым себе алмайды, - деп атап өтті мамандар. Сапа туралы акт қажет.



Майгүл Сейілбек