Петропавлда мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласы бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Даурен Жандарбек, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Биыл өңірде бірқатар ауқымды жоба іске асырылмақ.Оның ішінде Қожаберген жыраудың 360 жылдығы, Шал ақынның 275 жылдығы, Ақан серінің 240, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы бар.


Жиын барысында облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов 2022 жылды қорытындылап, биылға арналған жоспарларымен бөлісті. Өз сөзінде ол , бюджет есебінен облыстық театрлар әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 50%-на дейінгі мөлшерде қосымша ынталандырушы үстемеақы төленетінін жеткізді. Сонымен қатар өңірімзде мәдениет саласын дамытуда ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты.,


 ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ,СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «басқарманының негізгі міндеті өңірімзде мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі саласында мемелекеттік саясатты іске асыру болып табылады.Мемелекеттік саясаткүшті өңірлер мықты ел қағидатын жүзеге асыруға бағытталған.Осы тұрғыда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бір қатар міндеттерді белгіледі.Оларды шешу өңірлердің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңіріміздегі ең үлкен салалардың бірі.Оның желісі 597 обьектіні қамтиды.


Өңірде мәдениет саласында кадр тапшылығы қатты байқалады. Мәселені шешу үшін 100-ге жуық маманды, әртістермен қатар техникалық қызметкерлерді даярлау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыс орталығы мәдениет саласындағы инновациялық идеялар мен жобаларды іске асыруға арналған бірегей «эвент»-алаң, сондай-ақ шығармашылық адамдарды тарту орталығы болып отыр. Петропавлда соңғы үш жылда жаңа форматтағы халықаралық фестивальдар өткізіле бастады.


ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ,СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Обьектілердің қол жетімділігі маңызды мәселелердің бірі.Осы мақсатта біз жыл сайын инфроқұрылымдық жобаларды іске асырудамыз.2020-2022 жылдар аралығында жалпы сомасы 8млдрд 526млн теңгеге 71 жоба іске асырылды.Оның ішінде 60 жоба ауылдық елді мекендерде болса 11-і біздің облыс орталығында.


Өңірде архив саласын дамыту да маңызды. Бүгінгі таңда облыста архив қорында 700 мыңнан астам құжат бар. 1 қалалық және 13 аудандық архив жұмыс істейді. Оның тең жартысы кеңейтуді немесе қосымша үй-жайларды салуды қажет етуде.


СӘУЛЕ МӘЛІКОВА,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Жаңа жағдайда қойылып отырған жаңа талаптар өмірін архив қызметіне арнаған әр бір қызметшілердің ғылыми шығармашылық ізденістері бұл саланың жаңаша дамуының маңызды шарты болып табылады.Архив өткенді бүгінді және болашақты байланыстыратын орын екені бәріне мәлім.Биылғы жылы 100 жыл толайын деп отыр ғасырлық мерекеміз бұл мереке аясында үлкен өзіміздің шараларымызды жоспарлап қойып отырмыз.


 Биыл бірқатар ауқымды жоба іске асырылмақ.Оының ішінде Қожаберген жыраудың 360 жылдығы, Шал ақынның 275 жылдығы, Ақан серінің 240 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы бар.