Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп жүрген жандар туралы барынша насихаттап келеміз. Қазіргі таңда сәнді әрі жарасымды киініп жүру – заман талабы. Сондықтан он саусағынан өнер тамған, ісмер тігіншілердің еңбегі ерекше. Біздің түсірілім тобы «Прогресс» тігін фабрикасында болып тігіншілердің жұмысымен танысып қайтқан болатын. Сюжеттен көрейік.
Қазіргі таңда тігінші мамандығы өте қажетті мамандықтардың бірі. Үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан бәрі нақты, техникалық тапсырмаға сай болуы керек. Қайни Сәдуова бұл кәсіпорында 1980 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде әртүрлі учаскелерде еңбек еткен, бірақ дәл тігіншілік — оның шынайы кәсібі мен сүйікті ісіне айналған. Зейнетке шықса да ол бұл іспен айналысуды жалғастырып келеді.
СНХР:ҚАЙНИ САДУОВА – ТІГІНШІ
Бұл жерде күзет қызметтеріне, өнеркәсіпке, мердігер ұйымдарға және мекемелерге арналған арнайы киімдер тігіледі. Фабрика сапа мен мерзімді бағалайтындар үшін сенімді серіктес. Мұнда нәтижеге жұмыс істейтін команда мен сервистік жүйе бар дейді «Прогресс» тігін фабрикасының біліктілік жөніндегі директоры Яна Игнатова.
СНХР: ЯНА ИГНАТОВА – «ПРОГРЕСС» ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ
Фабрика ай сайын 2000 дана өнім шығарады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Жабдықтардың барлығы заман талабына сай. Ең бастысы тігіншілердің қолы шебер және әр затты сапалы жасайды.