Прокурорлар салық заңнамасының өрескел бұзушылықтарын анықтап, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғады. Облыстағы бірқатар аудандарда салық кодексінің талаптарына қарамастан, 366 мүгедектігі бар қызметкерден17 милион теңгені құрайтын жеке табыс салығы ұсталған. Алайда қолданыстағы салық кодексіне сәйкес, олар бұл төлемнен босатылған. Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдары тарапынан осы азаматтарға 6 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылып берілді. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.