Актер, режиссер және «Тишина закулисья» театр студиясының жетекшісі. Саналы ғұмырын өнермен байланыстырған Ринат Исмаилов жақында өзінің мерейтойын атап өтті. Облыс тұрғындарына жақсы таныс мәдениет саласының қызметкері арна ұжымына алдағы жоспарларын айтып берді.


Ринат Исмаилов мәдениет саласындағы алғашқы қадамын Николай Погодин атындағы орыс драма театрынан бастаған. Содан бері өнерден де, ұжымнан да қол үзген жоқ. Білімін жетілдіру үшін жергілікті өнер колледжінде кейін СҚ және Қарағанды мемлекеттік университеттерінде оқыды. Осы уақыт аралығында ол театр сахнасында өзін актер, режиссер және студия жетекшісі ретінде сынап көрді.


РИНАТ ИСМАИЛОВ, «ТИШИНА ЗАКУЛИСЬЯ» ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

-  Қызым екеуміз үйге барып, дайындық барысында болған түрлі қызықты оқиғаларды сөз етеміз. Немесе келесі күнге жоспар құраймыз. Жалпы театр әрқашан менің жүрегімде.


 Ринат Исмаилов облыстық орыс драма театрының сахнасында қойылған спектакльдердің 20-на қатысты. Сондай-ақ, театрда жұмыс істеген уақытында қоюшы-режиссер ретінде көптеген туындыларды халық назарына ұсынды. Тіпті шәкірт тәрбиелеп, өзінің білгенін жастарға үйретіп келеді.


РИНАТ ИСМАИЛОВ, «ТИШИНА ЗАКУЛИСЬЯ» ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

-  Біз әрқашан кезең-кезеңімен дамимыз.Бірінші,актер болдым, Кейінен режиссер,енді дамуымдағы үшіні кезең педагогтық жол басталды. 40 іс-шараға қатысып, 9 спектакль қойдық. Тіпті, гран-приде жеңіп алдық.


Қысқа уақытта «Тишина закулисья» театр студиясы көрерменнің көзайымына айналды. Тіпті 3 бірдей халықаралық фестивальге қатысып, жеңіспен оралды. Жақын уақытта актерлер Красноярск қаласында өтетін фестивальге қатыспақ.