Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Целинное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Әлеуметтік маңызды нысанның ашылуына жергілікті "Целинное-2004" ЖШС мұрындық болып отыр. Кәсіпкер кешен құрылысына 30 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ғимараттың ашылу салтанатында біздің түсірілім тобы да болып қайтты.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуымен ауыл тұрғындарын аудан әкімі Серік Мұхамедиев құттықтады. Өз сөзінде ол жергілікті кәсіпкердің еңбегін оң бағалап, ауылдың дамуына үлкен әлеуметтік қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Атап айтқанда мектеп оқушыларын түскі аспен тегін қамтып отыр, үйлерді орталықтандырылған жылу және су жүйесіне қосқан, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды салу және жөнге келтіруге де үлесін қосуда.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘКІМІ:
Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жаңа жабдықтарды сатып алуға 12 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бұл ақшаға спорттық форма да сатып алынды. .
СЕРІК ИБРАЕВ, "ЦЕЛИННОЕ-2004" ЖШС БАСШЫСЫ:
– Бұл кешен ең алдымен ауыл жастары үшін ашылып отыр.Мұнда олар спортпен шұғылдана алады.Шаруашылық ауылдағы әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі. Біз ауылды дамытып,оның өркендеуі үшін қызмет атқарамыз.
Целинное елді мекенінің тұрғындары туған ауылдарында осындай нысанның бой көтергеніне қуанышты. Сөздеріне қарағанда, елді мекендегі тұрмыстық жағдай жылдан жылға жақсарып келеді.
– Біз үшін ауылымызда барлық жағдай жасалған зейнеткерлерге басшылық көмектеседі.Ауылымыз толығымен жылумен қамтамасыз етілген, ауыз су да бар.Балалар үшін осындай сауықтыру кешенін ашып жатқандарына қуаныштымыз. Барлығына денсаулық тілегім келеді.
"Целинное-2004" жшс-нің ісі алға басса, халықтың тұрмысы да жақсара түспек. Өйткені компания әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударады. Ал дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуымен бұл ауылдан да чемпиондардың шығатынына сенім мол.