Солтүстік Қазақстан жұртшылығы Отан қорғаушылар мерекесі күнін 7 мамырдан 16 шілдеге ауыстыру туралы бастама көтерді. Себебі дәл осы күні облыс аумағында елдің алғашқы әскері құрылған. Мемлекеттік архив қызметкерлері, партиялар өкілдері, кәсіпкерлер мен тарихи көшбасшылардың ұрпақтары алашордашыларды еске алу үшін мемориалдық кешеннің жанына жиналды.


 1918 жылы 18 шілде күні Қызылжар уезі Аққұсақ болысында, дәлірек айтсақ, қазіргі СҚО Жамбыл ауданының аумағында Алаш Орда басшыларының құрылтайы өтті. Жиынға 22 болыс қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселе - Алаш Орда әскерін құру еді. Қазір осы тарихи жерде мемориалдық кешен ашылған. Алашордашыларды еске алу үшін жиналғандар арасында мемлекеттік архив қызметкерлері, кәсіпкерлер мен осы оқиғаға қатысы бар тарихи тұлғалардың ұрпақтары болды. Жиналғандар Отан қорғаушылар мерекесінің күнін қайта қарауды ұсынды.


ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ПАРТИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Мен Отан қорғаушылар күні мерекесін 7 мамырдан 16 шілдеге ауыстыру идеясын ұсынамын. Себебі дәл осы күні 1918 жылы большевиктерден қорғану үшін Алаш Орда әскерін құру тақырыбында құрылтай өтті. Әйтпесе еліміздің тарихы тура 1991 жылдан бері ғана келе жатқандай әсер қалдырады. Қазақ тарихының көне деректері ескерілуі керек деп санаймын. »


 Алашордалықтар тәуелсіздікке алғашқы болып жол салды. Олар өз Отанының қоғамдық-саяси және мемлекеттік дамуының теориялық негіздерін қалап, озық әлемдік жетістіктер мен стандарттарға сай үлгілерін ұсынды. Соның бірі тәуелсіз жеке әскер құру идеясы болды.


НАЗЕРКЕ РАМАЗАНОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Айта кетейік, Алаш Орда әскерін құру идеясын жергілікті болыс, бай Әлти Қажы қолдаған.


 НАҒАШЫБАЙ БАРЛЫБАЕВ, ӘЛТИ ҚАЖЫНЫҢ ҰРПАҒЫ:


Алашордашылар өткен ғасырдың бас кезеңінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады. Белсенді ғылыми публицистикалық қызметімен халықтың сана сезімін, ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген рух пен үмітті оятты.