Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады. Николай Подгузов мемлекет басшысына банк жұмысының нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті. Әсіресе көлік инфрақұрылымы және логистика, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі. Сондай-ақ Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 миллиард долларға жеткізгенін айтты.