Өңір полицейлері мен банк өкілдері интернет-алаяқтарға қарсы күресті талқылады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


Интернет-алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Маңызды іс-шараға облыстық полиция департаментінің, облыстық прокуратураның басшылығы мен жеке құрамы, басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Өңірде интернет-алаяқтық фактілерінің саны соңғы бес жылда 61 -ден 781 фактіге дейін өскен. Ең көп шығын «банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша келтірілді. Өткен жылы облыста осындай 291 дерек тіркелген.


 МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- интернет алаяқтардан негізінен зейнет жасындағылар және үй шаруасындағы, қаржылық сауаттылығы төмен әйелдер зардап шегеді. Олардың барлығы банктің клиенті, яғни несиелері бар, алаяқтар хабарласыпқан кезде тағы үлкен сомаға несие рәсімдеп, шығын шегеді 


 Полицейлер ақпараттық жұмысты күшейтуді, адамдарға алаяқтардың жалпы схемаларын және Азаматтық кодексте көзделген банктік заемға қатысты дауласу мүмкіндігін түсіндіруді ұсынды. Сондай-ақ, дропперлерді анықтау үшін жедел ақпарат алмасу қажет.


 Марат Жұмалиев, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Дропперлерді анықтау үшін екінші деңгейліә банктер ақпаратпен алмасуы керек. Дроппер деген кім – ол бір күн ішінде 4-5 банктен карта ашады, кейін оны алаяқтарға береді.


 Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық топқа облыс әкімдігінде халық үшін қосымша көрнекі ақпаратты орналастыру мәселелерін қарау да ұсынылды.


Данияр Ғалиақпаров, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Бүгінге орай интернет-алаяқтық қылмыстары бірінші орында тұр. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтарды болдырмау үшін алдын алу үшін полиция департаментінде банктердің басшы қызметкерлерін және микрофинастық органдардың қызметкерлерін шақыртып, осы интернет-алаяқтық туралы жұмыс кеңесін өткіздік. Осы кеңесте интернет-алаяқтықтың проблемаларын шешуін және болдырмау мақсатында талқылану жүргізілді.


Іс-шара соңында полицейлер кездесуде айтылған ұсынымдар банктердің бас кеңселеріне қарауға жіберілетініне сенім білдірді.