Биыл атақты қолбасшы, шежіреші, жырау, ақын Қожаберген Толыбайұлының туғанына 360 жыл толып отыр. Осыған орай Петропавлда мерейтойлық іс-шаралар басталып кетті. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітпаханасында әдеби кеш өтті. Жиынға Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебінің оқушылары мен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері қатысты.


Жамбыл ауданының тумасы, Қожаберген Толыбайұлының туғанына биыл -360 жыл.13 жасынан ақындыққа бет бұрған жырау, 17 жасында аңыз-әңгімелерді өлеңмен жырлаған. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» дастанын жазған. Қожаберген Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» заңдарын әзірлеуге белсене қатыстқан, сол замандағы қоғамдық, әлуметтік жағдайды, қазақ халқының ішкі-сыртқы ахуалын тарихи дастан арқылы жеткізген. Бүгінгі ұрпаққа жыраудың «Өсиет»,«Кәрілік» «Елім-ай» атты аз ғана шығармалары насихатталуда.


ГҮЛМИРА ҚАЙРАТҚЫЗЫ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАШЫСЫ:


І с-шара барысында даңқты қолбасшының өмірі мен шығармашылығы айтылды. Ал мектеп оқуышлары ақының жырларын жатқа оқып берді.Саида Изатова Қожаберген бабамыздың 15 ке жуық өлеңін жатқа біледі.Бүгінгі шараға ол ақының насихат өлеңін дайындап келіпті.Айтуынша бұл өлеңнін ұрпаққа жеткізері мол екен,өйткені жырау адамзаттың хас жауы еріншектікке аса мән беріп өлең арқылы жеткізген.


САИДА ИЗАТОВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:


І с-шара соңында Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітпаханасының ұжымы «Біздің батыр бабалар» атты жыраудың дастандары мен өмірі жайлы жазылған кітаптар көрмесін өткізді. Айта кетейік, Қожаберген Толыбайұлының туғанына 360 жыл толуына орай арналған әдеби кештері кітапханада апта бойы жалғаспақ.