Шығыс күнтізбесі бойынша 2023 жыл – қоян жылы. Бұл сүйкімді жануар үшін ең бастысы - отбасы, сондықтан келер жылы туыстарыңызбен және жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізген жөн. Ал өмірлік серігін іздеп жүргендер жаңа жылда жарын кездестіріп, шаңырақ көтеруі мүмкін. Қоян жылы жайында нумерологтар мен сәнгерлер не дейді екен. Тілшіміз баяндасын.


Сарапшылар жаңа жылды қызғылт, күлгін, көк, зәйтүн және ақ сияқты қарапайым түсті киімдермен қарсы алуға кеңес береді. Сондай ақ күміс пен алтын элементтерін араластырған да жөн. ып та көруге болады.


ЗАРИНА ЧЕРНЯЕВА, ДИЗАЙНЕР:

- «Қоян жылы сіздің жолыңыз болып, айыңыз оңынан тусын десеңіз, жаңа жылды қандай киіммен қарсы алатыныңыз да маңызды. Дизайнерлер мен сәнгерлер бұл жолы түрлі жалтырақ киімдерден барынша бас тартып, киімнің ұстамды болуына кеңес береді»


 Дизайнердің айтуынша, жалпы келер жылы ұзын және қысқа көйлектер сәнге айналады. Сондай ақ түрлі үлгідегі шалбарларға да сұраныс артады. Кестемен безендірілген, гүлмен көмкерілген киім сәннен шықпады.


ЗАРИНА ЧЕРНЯЕВА, ДИЗАЙНЕР:

- «Сондай-ақ, сыртқы киімге келетін болсақ былғары, эко-былғары, эко-жүн, теріден жасалған киімдерге басымдық беру керек. Оверсайз деп аталатын бос киімдер сәннен кетіп жатыр.»


Ал нумерологтардың айтуынша, қоян жылы үйсіз жүргендердің көпшілігі баспаналы болмақ. Бұл жыл саяхаттауға да қолайлы.


МАРЖАН ТӘЖІМҰРАТОВА, НУМЕРОЛОГ:

- «Бұл жыл үлкен өзгерістердің жылы. Сондай-ақ жастардың жылы. Алайда, қол қусырып отыруға болмайды. Қозғалу керек. Туған-туысты да назардан шығармаған жөн. Қоян жылында жақындарыңызға деген ықыласыңыз ескеріліп, табысқа жетуіңізге ықпал етеді».


Әр жылдың қуанышты оқиғалары мен ұмытылмас естеліктер болады. Ең бастысы-өзіңізбен үйлесімде болу.