Желтоқсанның 6-сы – қадағалаушы орган - Прокуратура қызметкерлерінің күні. Бүгінгі күні СҚ-да бұл салада 150-ге жуық маман еңбек етіп келеді. Соның тең жартысы аудандарда жұмыс істейді.


 Кәсіби мерекеге орай облыс прокурорлары «Заң мамандары» интеллектуалды ойынында бас қосып, түрлі тақырыпта сұрақтарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады.


САОДАТ ӘБДІРАХМАНОВА, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КАДРЛАРДЫ ДАМЫТУ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Іс-шараның мақсаты жас әріптестеріміздің арасында ауызбіршілігін арттыру.Сондай-ақ үздік жас маман анықтау. Бүгін ойын жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын. Бұл іс-шара бірінші жыл өткізіліп жатыр. Ойынға 3 команда қатысады.



Майгүл Сейілбек