Петропавл тұрғыны үйінде бельгиялық рецептпен ерекше шоколад дайындайды. Оның өніміне әсіресе Жаңа жыл қарсаңында сұраныс артады. Ерекше кәсіп иесі шоколадты дайындау жолымен бөлісті. Келесі бейнематериалға назар аударайық. 


Мына бір дәмі тіл үйірер, хош иісті бельгиялық шоколадты Кэтрин Запорожец өзі дайындайды. Бұл идея келіншекке декреттік демалыста отырған шағында келген екен. Ең алғашқы өнімін жақындарына жаңа жылдық сыйлық ретінде сыйлайды. Содан бері бұл іс оның сүйікті хоббиіне айналды.


Кэтрин ЗАПОРОЖЕЦ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- «Жаңа жылда әдетте сыйлық сыйлап, жақындарымызды қуантуға тырысамыз. Бұл – ешкім сыйлықсыз қалмайтын ерекше мереке. Туған-туыстарыма ерекеше сыйлық жасағым келді.Ол креативті , әрі қызық болуы үшін көп ойландым. Ақыры шокалад жасап, өзімнің жаңа қырымды аштым.»


Кэтрин түрлі жеміс қақтарын да жасайды. Оның әр өнімі - экологиялық таза. Шоколадты жасау үшін оның шамамен 40 минуты кетеді және оны қатыру үшін тағы бір сағат қажет екен. Ең бастысы бұл іспен айналысарда қателесуден қорықпау керек дейді әйел.


- «Басында шоколадты алған кезде неге ерігенін түсінбедім. Мен нені дұрыс істемедім? Нәтижесінде екі курс өттім. Тапсырыстарымның басым бөлігі қантсыз жасалатын шоколадтар. Бұл қант диабетінен сақтанатындар үшін өте тиімді. Бұл істе ең бастысы өзіңізге сенуіңіз керек. Бірнеше сәтсіздіктен кейін міндетті түрде нәтиже болады.» 


Шоколадты әдемі безендіру де маңызды. Кетрин ол үшін жаңғақ қоспасын, жемістерді, кокосты қолданады.


Кэтрин ЗАПОРОЖЕЦ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Қоспалардың үйлесімі жайлы менен кеңес сұрайтындар көп. Менің айтарым: құлпынай мен кокос шоколадқа өте тәтті дәм береді. Сондай ақ жаңғақ қоспасы және таңқурай құлпынай сияқты жемістерді біріктіріп қосуға кеңес беремін. 


Шын ниетпен жасалған сыйлық міндетті түрде АЛУШЫның көңілінен шығып, қуаныш сыйламақ.