Халықаралық отбасы күні қарсаңында Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Бірге бақыттымыз» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Қаланың бірнеше мектептерінен келген оқушылар ата-аналарымен бірге жарысқа қатысып, өзара бақ сынасты.
Сайысқа облыс орталығының төрт мектебінің оқушылары қатысты. Атап айтқанда: Әл-Фараби мектеп-лицейі, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп, Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия және Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп. Әр команда үш адамнан құрылды. Жарыс бағдарламасына арқан тарту, доппен жарысу, кедергілерден өту және логикалық тапсырмаларды орындау енгізілген. Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайту.
СНХР: СВЕТЛАНА АБЖАНОВА, «С.ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ» КММ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
«Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар белсенділік танытты. Олар шапшаңдықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Жарысқа ерекше ынтамен қатысқан командалардың қатарында «Жалайыр» командасы да бар.
СНХР: АЙЖАН ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАТЫСУШЫ
Спартакиаданың қорытындысы бойынша 3-орынды Әл-Фараби мектеп-лицейі, 2-орынды Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп, ал 1-орынды Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп иеленді. Бас жүлде Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияға командасына бұйырды.