Облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. 29 жастағы петропавлдық бойжаткен Астана қаласынан есірткі тасымалдаумен айналысады деген күдікке ілініп, ұсталды. облыстық полиция ведомствосы дайындаған материалға назар аударайық.


- Ашып, байқаймыз, сарғыш түсті ұнтақ тәрізді зат.


Есірткі саудасына қатысы бар деген қыз бұрын істі болмаған. Полицейлер жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінен бір килограмнан астам есірткі, сондай-ақ орайтын материалдар, өлшеу құралдары мен электрондық таразыны алды. Сараптама аталған заттың «тұз» атауымен белгілі синтетикалық есірткі екенін көрсетті.


- Алғашқы ораманың ішінен 4 үлкен зип лок пакет табылды. Бірінші болып қара маркермен «бабл» деген жазуы бар қызғылт түсті түйір зат салынған полимер зип лок пакетті аламыз.


Сондай-ақ, күдіктінің әкесінің гаражынан полицейлер тіркелмеген қару арсеналын анықтады. ШТП автоматтары мен граната муляж болып шықты, ал аңшы қаруы мен оқ-дәрілер, оның ішінде ойық қару заң алдында жауапкершілікті көздейді. Ер адамның сөзіне қарағанда, ол қаруды әуесқой ретінде жинаған. Тергеу бұрын сотталмаған петропавлдықтың бұл заттарды қайдан алғанын анықтайтын болады. Ал, есірткі саудагері қамауға алынды.


Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:

- СҚО ПД қызметкерлерінің назарына Астана қ. Петропавл қ. ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қ. 29 жастағы тұрғыны ілікті. Аталған факті СДТБТ енгізіліп, ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша сараланды – ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау.


 Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 11 айда барлығы заңсыз айналымнан 3,5 келіден астам синтетикалық есірткі алды.