Полиция мен қоғам қайраткерлері "зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында "Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу ерекше бақылауда екенін хабарлады. Учаскелік және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары профилактикалық жұмыстар жүргізеді, "Сенім телефондары" мен call-орталықтардың телефон нөмірлері жадынама ретінде таратылуда. 25 қарашадан бастап облыста "зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтіп жатыр, оның барысында тәртіп сақшылары алдын алу жұмыстарын жандандырды. Жиын барысында аймақтың офицерлері мен белсенді әйелдері өз пікірлерімен бөлісті, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын айтты.


ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, СҚО АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз өз тарапымыздан СҚО аналар кеңесінің атынан СҚО ПД меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасадық. Меморандум аясында біз іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз: Ол семинарлар, бұзақылармен кездесулер, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен кездесулер ұйымдастыру.


Жиында полиция мен облыстық Аналар кеңесі, сондай - ақ "әйелдер күштері альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы мерзімсіз меморандумдарға қол қойылды.


ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қайта ұшыраған адамдар арасында сауалнама жүргіздік. Сұрақтардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып табылатын кәмелетке толмаған балаларға қатысты мәселелер қамтылды.


 "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы жалғасуда. Тәртіп сақшылары оқиғаның салдарымен күресуден гөрі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жеңіл екенін еске салады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңесі мен қажетті көмекті 49-31-58 және 61-25-30 телефондары арқылы немесе 150 республикалық call-орталығына хабарласу арқылы ала алады.