Облыстық экология департаментіне биылғы 11 айда 109 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі – 73-і жеке тұлғалардан түскен. Ішінде сұрау салу, хабарлама, шағымдар бар.


Жыл басынан өндіріс және тұтыну қалдықтарына қатысты мәселелер бойынша 12 өтініш, су ресурстары мен ағынды сулардың ластануы бойынша 2, атмосфераның ластануына қатысты 13 адам жүгінген. Сонымен қатар өңір тұрғындары резеңке жағатын кәсіпорыннан шығатын жағымсыз иіске шағымданған. Мемлекеттік орган тікелей қараған өтініштер саны - 101, оның ішінде: 34 адамға жауап берілді, 26-на әкімшілік акт қабылданды. 5 өтінішітің қарау мерзімі ұзартылса, 10 құжат құзыреті бойынша ҚР басқа мемлекеттік органдарына қайта жіберілген.