Өңір балуаны - Алтынбек Аусағитовты Петропавлдың теміржол вокзалында әріптестері, достары мен жақындары қарсы алды. Спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған "Азия Кубогы" Халықаралық турнирінен чемпион болып оралды.


 Жарыс Түркістанда 23-25 қараша аралығында өтті. Дүбірлі додаға Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Қазақстанның барлық өңірлерінен 300 спортшы қатысты. Алтынбек Аусағитов 90 келі салмақ дәрежесінде барлық бес жекпе – жекте жеңіске жеңіп, алтыннан алқа тақты.


АЛТЫНБЕК АУСАҒИТОВ, "АЗИЯ КУБОГЫ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ: