Оқушылар сарайында робот әуесқойларының дәстүрлі "Robotime"байқауы өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 102 жеткіншек өздерінің дағдыларын көрсетті. Жарысқа қала мен ауданнан жиналған жалпы саны 51 команда қатысып, бақ сынады. Тақырыпты біздің тілшіміз жалғастырады.


 Конкурс робототехниканы, конструкторлық қызметті, ақпараттық мәдениет пен техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында өткізіледі. Оқушылар сарайына робототехника бойынша өз дағдыларын көрсету үшін облыстың әр түкпірінен 51 команда жиналды. Балалар өз өнертабыстарын таныстырды.


АРҒЫН СЕРІКБАЙ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:


Мұндай сайыс ай сайын өтеді. Осы жолы жарысқа «Асық ату» атты жаңа санат қосылды.


ҚАЙСАР СӘРСЕНБАЕВ, БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Тұрақты санаттар қатарына робосумо, жаяу жүретін роботтар, аркан тарту, сызық бойымен жүру кіреді. Бүгін біз «асық ату» атты жаңа санат енгіздік. Ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында. Аталмыш санат бойынша біз ережелер жаздық, енді оны орындаймыз. 


Қазылар алқасы әр санаттың жеңімпаздарын анықтайды. Тиісінше жүзден жүйріктерге дипломдармен және бағалы сыйлықтар табысталмақ.