Қарашаның 18-і күні Петропавлдағы Александр Винокуров спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында қазақстан супер кубогының ойыны өтті.Суперкубокты жергілікті “Қуаныш” командасы мен Өскеменнің “Алтай” волейбол клубтары өз ара сарапқа салды.Ойынды облыс әкімі Құмар Ақсақалов тамашалады.Қазақстан супер кубогының жеңімпазы кім атанды? Сөз кезегі әріптесімде.


Алғашқы ұпайларға деген тартыс қыза түсті, қос команда да толассыз шаубылдарын үдетіп шеберліктерін көрсетті.Бірінші партияның бел ортасына жете берген сәтте, Өскемендік ұжым өздерін бір бас жоғары екендіктерін дәлелдеді.Осылайша алғашқы партияның қорытынды есебі 25:15 өскемендіктердің пайдасына шешілді.


ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, ҚР ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ, БАС ТӨРЕШІ:


Кезекті партияда да “Алтай” волейбол клубы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жергілікті команданы тықсыра түсті. Нәтижесінде екінші сетте 25:18 есебімен жеңіске жетті.


ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ, БАС ТӨРЕШІ:


Жергілікті волейболшылар тек үшінші партияда ғана жиналып, 25:19 есебімен жеңіске жетті, жалпы есепті 2:1 қылып қысқартқанымен, жергілікті волейболшыларымыз шешуші төртінші партияда есе жіберіп алды.Айта кетейік,қос команда 1 апта бұрын ел кубогының финалында кездескен болатын,онда да өскемендік ұжым шеберліктерін танытты.


 САНА АНАРҚҰЛОВА, «АЛТАЙ» ВК КАПИТАНЫ:

 – Суперкубок ойынына ерекше дайындалдық,біз бұл ойынның қиынға соғатынын жақсы білдік.Өйткені қарсыластарымызға біздің ұсал тұстарымызбен мықтылығымыз жақсы таныс.Есепті 3:0 қылып аяқтағымыз келді,бірақ Қуаныш вк оңай беріле салатын команда емес екендігін көрсетті.


ТАТЬЯНА АЛДОШИНА,«ҚУАНЫШ» ВК КАПИТАНЫ:

 – Ел кубогында есе жібергенімізді барлығы біледі,бірақ бұл ойынға біз тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалдық.Өкінішке орай тағы да есе жіберіп алдық.Алдағы уақытта қателіктерімізбен жұмыс істейміз,алдымыз да әлі ел чемпионаты бар.


Осылайша өскемендіктер Қазақстан суперкубогын 5-ші рет жеңіп отыр.Бұл Алтай вк үшін айтарлықтай жақсы нәтиже.Кездесу соңында қос команданы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров марапаттап, жеңімпаз ұжымға кубокты табыстады.