Биыл наурыз айында өңірде құрғақ құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. «MixUniversal» осы аралықта қуатын арттырып, бүгінде тәлігіне 50 тонна дайын өнім шығарып келеді. Құрылыс материалы облыс аумағында сұранысқа ие. Тілшіміз толықтырсын.


"Mix Universal" ЖШС-гі 15 түрлі өнім шығарады. Кәсіпорын негізінен гипсті сылақ пен құрылысқа қажет түрлі желімдерді, қоспаларды, сұйық едендерді өндіреді. Шикізаттың барлығы – отандық материал. Айта кету қажет, кәсіпорын бәсекеге қабілетті, тауарына сұраныс жоғары.


САКИНЯ ШАМШУДИНОВА, "MIX UNIVERSAL" ЖШС ТЕХНОЛОГЫ:

 - Шикізаттың бәрі қазақстандық. Бізге керек кварц құмы – отандық, Текеліден мәрмәр ұнтағын жеткіземіз. Цементті Бұқтырмадан немесе Көкшетаудан аламыз. Ал химия Еуропадан арнайы тапсырыспен жеткізіледі.


Кәсіпорын айына 120 тоннадан астам өнім өндіреді. Осы жылдың мамыр айынан бастап компания 1100 тонна өнім шығарған, оның 1000 тоннасы сатылды.


САКИНЯ ШАМШУДИНОВА, "MIX UNIVERSAL"ЖШС ТЕХНОЛОГЫ:

- Өнімнің сапасы өте жақсы. Бірдей тауар өндіретін компаниялармен салыстырсақ бағасы да әлдеқайда арзан. Орта есеппен алатын болсақ өнімнің 25 келісі 1250 тенгеден. Бұл 40 пайызға арзан.


Сонымен қатар серіктестік газ блоктарын шығаратын зауыттың құрылысын да жүргізіп жатыр. .Жобаның құны-1 миллиард теңге.Кәсіпорын зауытты осы жылдың желтоқсанында іске қосуды жоспарлап отыр.