"Маслодел" компаниясының ісі өрге басып, ауқымын кеңейтіп жатыр. 5 жыл бұрын құрылған зауытта жақында үшінші желі іске қосылмақ. Нәтижесінде  кәсіпорын тәулігіне 750 тоннаға дейін сүт өңдейтін болады. Өндіріске аймақ басшысы Құмар Ақсақалов барды.

 Бүгінде «МаслоДел» компаниясы 280-нен астам атауы бар сүт және өсімдік тектес тамақ өнімдерін шығаратын еліміздегі ең ірі кәсіпорын. Қазақстанның барлық ірі қалаларында филиалдары бар.  Өндірісте үшінші желіні іске қосу арқылы енді  Қазақстанда ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі  сүт зауыты атанбақ.

 ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, "МАСЛО-ДЕЛ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Біз тәулігіне 250 тонна сүт өңдеу желісін іске қосамыз. Мұнда айран, қойытылған сүт өндірілетін болады. Қазақстанда әзірше мұндай қуатты зауыт жоқ,.  Жылына шамамен 280 мың тонна өнім өндіретін боламыз.

Үшінші желіге 5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта заманауи Tetra Pak жабдығы орнатылып жатыр. Сонымен қатар, қосымша 100 адам жұмысқа алынды. Жаңа желі желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы бизнес үшін қолайлы жағдай жасаудың нәтижесі екендігін облыс әкімі атап кетті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сондай-ақ," Масло-дел " компаниясы Петропавлда МАЙ экстракция зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Алаңға 150 құрылысшы тартылған. Логистикалық мәселелерге қарамастан, жабдықтар жеткілікті. Қаржыландыру бар. Кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеп, ҚҰНАРЛЫ жем қоспаСЫН- КҮНЖАРА өндіретін болады. Экологиялық таза, қалдықсыз өндіріс жоспарланған.

ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- 2023 жылдың соңына дейін зауытты тестілеуді бастаймыз. Бұл тәулігіне 1500 тонна сүтті өңдейтін Орта Азиядағы ең ірі зауыт болады. Көп сапалы кәсіпорын соя, рапс, зығыр, күнбағысты өңдейді. Зауыт толығымен автоматтандырылған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жобаға 21 млрд теңге инвестиция құйылды. Жаңа зауыт 2023 жылдың соңында іске қосылады.